Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ГРАНТТАР МЕН ШӘКІРТАҚЫЛАР БЕРУ

1) Гранттың мөлшері қандай?

6 айлық жобаны іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін.

2) Егер маған 1 000 000 теңге жетпесе, мен не істеймін?

Жоба шеңберінде ең көп 1 000 000 теңге бөлінеді, алайда, Сіз қосымша ресурстар іздеп, Үйлестіру агенттігімен келісім бойынша оларды пайдалана аласыз. Осындай әр жағдайды біздің мамандар жеке қарастырады. Сонымен бірге, егер Сіз қабылдаушы ұйым арқылы жұмыс істесеңіз, олардан фандрайзинг бойынша (әлеуметтік жобаларға қаржыландыруды іздеу) кеңес сұрай аласыз.

3) Шәкіртақының мөлшері қандай?

Егер сіз ЖООның түлегі болсаңыз 6 ай бойы ай сайын 60 000 тг. аласыз.

Егер сіз мектеп, колледж түлегі немесе студент болсаңыз ай сайын 40 000 тг. шәкіртақы аласыз.

4) Ай сайынғы әлеуметтік шәкіртақыны қашан аударады?

Шәкіртақы аудару үшін барлық шарттар орындалғаннан кейін (ай сайынғы есептің қабылдануы, менторлық сессияға қатысу, оқытуға қатысу, міндетті сауалнамаларды толтыру және де басқа талаптар). Шәкіртақы ҮА нен Казпошта шотына 2-3 күнде аударылады. Шәкіртақы аудару бірнеше кезеңдерден тұрады: шәкіртақыға тізімдерді қалыптастыру және Казпошта шотына аудару (1-2 күнде), Казпошта шотынан қатысушылардың шоттарына аудару (2-3 күн). Осылайша, шәкіртақы қатысушыларға бір аптаның ішінде түседі.

5) Мен жаңа ғана айлық (аралық, қорытынды) есепті жібердім, қай уақытта тексеріп болады?

Есептерді тексеру кезек бойынша мамандармен жүргізіледі және шамамен 3-5 күн уақытты алады. 

6) Грант алған жағдайда, мен 6 ай бойы қаржылық табыс әкелетін жобаны жүзеге асыра аламын ба?

Жоқ, сіздің 6 ай бойы жобадан табыс ала алмайсыз, соның ішінде ақылы қызмет көрсете алмайсыз немесе өнімді сата алмайсыз. Сіз грант беру шартының мерзімі аяқталғаннан кейін ғана, 6 айдан кейін ғана табыс көре аласыз.

7) Шәкіртақылар мен гранттар алған жастарға ақшаны қайтару қажет пе?

Жоқ, грант –қайтарымсыз ақша. Алайда, қатысушылар қаржыны мақсатсыз  қолдану, алаяқтық, жалған құжаттар жасау бөлігінде шарттың талаптарын бұзса, Үйлестіру агенттігі гранттың қаражатын қайтару бойынша шаралар қолданады.

8) Грант қалай төленеді?

Грант екі транш арқылы аударылады (50% -50%), транштардың мөлшерлері бекітілген.

Бірінші транш грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

Екінші транш орындалған жұмыстардың және бірінші траншты шығындау фактісі бойынша, сондай-ақ аралық бағдарламалық және қаржы есептерін тапсырып, мақұлдағаннан кейін аударылады.

9) Гранттың кредиттен қандай айырмашылығы бар?

Грант – қайтарымсыз ақша. Грантты пайдалану үшін пайыз төлеу керек емес.

10) Сіздер қайтарымсыз гранттар мен шәкіртақыларды неге бересіздер? Сіздің мақсатыңыз қандай?

Біздің мақсатамыз – жастарға әлеуметтік идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру, оларды қоғамның игілігіне бағытталған қызметке тарту.

Жастардың, әсіресе аймақтардағы жастардың, қаншалықты қаласа да, миллион теңге табыс тауып,өз қаласына, ауылына, ауданына пайдалы іс жасауға мүмкіндіктері болмайды. Сол себепті, біз гранттар – қайтарымсыз ақша ұсынамыз.

Жобаны жүзеге асыру қатысушылардан едәуір білімді, уақыттыжәне күш-жігерді талап ететіндіктен,  біз Жобаның шеңберінде ай сайынғы шәкіртақыны қарастырдық.Шәкіртақы – бұл жобаны сәтті іске асырудағы жастар еңбегінің ынталандырылуы және өтемақысы.

  • 1
  • 2