Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ЖАСТАР ЖОБАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

1) 1 (2,3,4) айға арналған әлеуметтік жоба ұсынуға болады ма?

Жоқ, барлық жобалардың іске асырылуы бес айға көзделуі тиіс.

2) Жобаларды орындауда менің міндеттемелерім қандай?

Сіз тек бір жобаны ғана іске асыра аласыз.

Бір қатысушы Жобаға тек қана бір рет қатысуға құқылы.

Сіз іске асырып жатқан жобаның ұзақтығы бес айдан кем болмауы тиіс.

Гранттың қаражаты тек қана жобаны іске асыру үшін пайдаланылуы тиіс.

Қатысушылар жобаны іске асыру үшін өзге көздерден қосымша қаржыландыру тарта алмайды, жеке өз қаражаттарын салуға болады.

Жоба қатысушысы есептік айда команда не істегені жөнінде толық ақпаратпен фотоматериалдарды қоса бере отырып, ай сайынғы есепті ұсынуы тиіс.

Жобаны іске асырудың ортасында және соңында қатысушылар, барлық растаушы құжаттарды қоса бере отырып, 1 және 2 транштың есептерін тапсыруы тиіс. Грант ақшасы 2 траншпен беріледі.

Жобаны іске асыру басында және соңында өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобалық басқаруға міндетті 4-күндік оқыту тренингтерінен өту қажет.

Бекітілген ментормен үнемі, кем дегенде айына 1 рет кездесу қажет.

3) Мен көшуге байланысты жобадан шыға аламын ба?

Бұндай жағдайды болдырмаған жақсы, себебі сіз тиісті білім мен дағдылар жиынтығын соңына дейін меңгере алмайсыз. Бұл жағдайда Жобамен міндеттемелерді бұзу үшін, тез арада ұйымдастырушыларға хабарлау қажет. Келісімшартта ҚР заңнамасына сәйкес шартты бұзу тетігі сипатталады.

4) Жобадан шығып кеткен қатысушыны ауыстыруға бола ма?

Топтағы қатысушыларды ауыстыруға болмайды. Сондықтан, қатысушы жобаға қатысудан бас тартқан жағдайда, алдын ала топты 4 (немесе 5) адамнан құрған жақсы. Бұл жағдайда, жобаны 3 (немесе 4) қатысушы жалғастыра алады. 2 адамнан тұратын топ жобаны жүзеге асыра алмайды.

5) Қандай жобаларға қолдау көрсетіледі?

Әлеуметтік идея таңдау шектелмеген. Сіз кез келген әлеуметтік маңызды бастамаларды ұсына аласыз. Бағдар үшін келесі бағыттар берілген, алайда бұл бағыттармен шектелмеңіз.

  • білім беру жобалары (білімді, кәсіби және бәсекеге қабілетті қоғамды дамытуға бағытталған жобалар);
  • салауатты өмір салты және спорт (көпшілік спортты, салауатты өмір салтын дамыту мен насихаттауға, дене шынықтыру саласындағы бастамаларды қолдауға және пайдалы тағамдармен тамақтануды насихаттауға бағытталған жобалар);
  • мәдениет және бос уақыт (шығармашылық бастамаларды қолдау мен дамытуға, тұрғындардың әртүрлі санаттары үшін бос уақыт кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жобалар);
  • патриоттық және азаматтық белсенділік (рухани-өнегелі және патриоттық құндылықтарды ілгерілетуге; белсенді азаматтық ұстанымды және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар);
  • отбасылық құндылықтар және дәстүр (отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрді сақтау мен көпшілікке таратуға бағытталған жобалар);
  • экология және абаттандыру (экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, энергия үнемдеу технологияларын қоғамның өміріне енгізуге, жергілікті аумақтарды абаттандыру саласындағы бастамаларды дамыту мен қолдауға бағытталған жобалар);
  • ғылым және техника (жастарда инновациялық ойлауды қалыптастыруға, жас адамдарды ғылыми-эксперименттік қызметпен айналысуға ынталандыруға бағытталған жобалар);
  • туризм (ішкі туризмді дамытуға, сонымен қоса туған өлкенің табиғи және тарихи мұрасын зерделеуге бағытталған кіші жобалар);
  • ауылды дамыту (ауылдық жерлерге және ауылдық өмір салтына оң көзқарас қалыптастыруға, ауыл тұрғындарына өмірлік іс әрекетінің жайлы жағдайларын құруға бағытталған жобалар). Алайда, осы бағыттың шеңберінде құстар мен жануарларды сатып алуға және жалға алуға тыйым салынады.

6) Гранттық бағдарлама шеңберінде қандай шығындарға қолдау көрсетілмейді?

Гранттық бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін кіші жобаларға, сондай-ақ келесі бағыттардағы кіші жобаларға қолдау көрсетілмейді:

  1. кіші жобаны іске асырудың бес айы ішінде ақылы қызметтер көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық кіші жобалар. Кіші жобаны іске асырудың бес айынан және грант беру туралы шарт аяқталғаннан кейін қатысушылар табыс таба алады, яғни, ақылы қызметтер көрсетуді/ тауарларды, дайындалатын өнімдерді сатуды жүзеге асыра алады;
  2. кіші жоба іске асырылатын үй-жайлардың шағын жөндеуін қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай болса да түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды қалпына келтіру/ жаңарту бойынша жұмыстарды қарастыратын кіші жобалар;
  3. жергілікті мемлекеттік органдар, өзге мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтар/тауарлар сатып алуды қарастыратын кіші жобалар;
  4. сүт, ет және өзге де мал өнімдерін тарату мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сатып алуды/жалға алуды қарастырайтын жобалар;
  5. аулада спорт және балалар алаңдарын, стадиондар, жылыжай кешендерін орнатуға бағытталған кіші жобалар;
  6. діни ұйымдарға қызмет көрсету бойынша кіші жобалар (шіркеулердің, мешіттердің және т.б. жөндеуі немесе құрылысы, діни білім беру, діни әдебиет шығару және т.б.);
  7. қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін кіші жобалар;
  8. жер учаскелерін сатып алуды/ жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/ жалға алуды, автокөлікті сатып алуға қарастыратын кіші жобалар;
  9. басқа көздер есебінен қаржыландырылатын кіші жобалар;
  10. ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;
  11. кіші жоба бойынша негізгі қызмет ретінде веб-сайттар мен мобильді қосымшалар, интернет-контент (оның ішінде, онлайн-арналар, интернет-журналдар, блогтар, влогтар, бейне роликтер) құруға/әзірлеуге бағытталған кіші жобалар;
  12. баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуға/басып шығаруға бағытталған кіші жобалар (кіші жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);
  13. негізгі қызметі дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, форумдар, науқандар, туристтік сапарлар, экскурсиялар, экологиялық науқандар және сенбіліктер өткізу болып табылатын кіші жобалар;
  14. негізгі қызметі мәдени-бұқаралық іс-шараларды (концерттер, форумдар, флешмобтар, балаларға арналған анимациялық мерекелер, т.б.) өткізу болып табылатын кіші жобалар;
  15. мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізуді қарастыратын кіші жобалар;
  16. маусымдық кіші жобалар, яғни, негізгі қызметі жылдың белгілі мерзімінде ғана жүргізілетін кіші жобалар;
  17. мақсаты сыйлықақы табыстау, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай болса да бағдарламаларды немесе жобаларды іске асыру үшін ақшалай сыйақы беру және т.б. болып табылатын жобалар;
  18. тікелей қайырымдылық көмекті қарастыратын кіші жобалар (грант қаражаты есебінен ақшалай көмек көрсету, қайырымдылық/материалдық/гуманитарлық көмек көрсету үшін грант қаражаты есебінен тауарлар сатып алу);
  19. жынысы, нәсілі, дінге сенуі, жасы бойынша кемсітушілікке әкелетін әрекеттерді жүзеге асыру;
  20. Кіші жобаны іске асыру шеңберінде келесі шығындар түрлеріне тыйым салынады:
  21. Үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен олардың балансында тұрған мекемелер үшін жабдықтар мен кеңсе жиһаздарың сатып алуға арналған шығындар;
  22. кіші жоба іске асырылатын аумақтағы аймақтардың шегінен тыс сапарлармен (іссапарлар, оқыту) байланысты шығындар;
  23. қабылдаушы ұйымдардың үстеме шығындары;
  24. жеке тұлғаларға медициналық қызметтер төлеу;
  25. жастар бастамашыл тобының қатысушыларын оқытуға, біліктілікті арттыру курстарына қарастырылған шығындар;
  26. іс-шаралар өткізу үшін үй-жайды жалға алуға арналған, кіші жобаның жалпы бюджетінінің 30%-нан асатын шығындар;
  27. кіші жобаны іске асыру үшін үй-жайларды жөндеуге арналған, кіші жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
  28. полиграфиялық бұйымдарды (жарнама, баспа) дайындауға арналған, кіші жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
  29. тартылған мамандарды жалдау бойынша, кіші жобаның жалпы бюджетінінің 20%-нан асатын шығындар. Тартылған мамандар кіші жоба бойынша негізгі қызметті жүргізе алмайды және кіші жобаның мақсатты тобына тұрақты қызмет көрсете алмайды;
  30. веб-сайттарды/мобильді қосымшаларды әзірлеу мен техникалық қолдауға, аудио/бейне роликтерді әзірлеуге арналған, кіші жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
  31. азық-түлік сатып алу, кофе-брейктер ұйымдасытру бойынша, кіші жобаның жалпы бюджетінінің 5%-нан асатын шығындар;
  32. кіші жобаны іске асыруды ақпараттық жарықтандыруға арналған, кіші жобаның жалпы бюджетінің 5%-нан асатын шығындар;
  33. шетелде, шетелдік сайттарда жабдықтарды/тауарларды сатып алу.

7) Мен жастар жобаларының негізгі бағыттарында көрсетілмеген жобаға өтінім бере аламын ба?

Иә, Жоба  бағыттары шектелмеген, жалғыз шарт – жоба міндетті түрде әлеуметтік болуы, яғни сіздің қалаңызға, ауылыңызға, жергілікті тұрғындарға пайда әкелуі тиіс.

8) Мен әлеуметтік жобаны жазу туралы консультацияны қайдан ала аламын?

Гранттық конкурс кезінде, ақпан айында әр облыста аудандар деңгейінде ақпараттық кездесулер өтеді, олардың кестесін сайтта немесе call-center нөмірі бойынша нақтылауға болады.

Сонымен қоса, сайтта жобаны әзірлеу туралы ақпарат бар – қадамдық нұсқаулықпен, сондай-ақ осы қадамдарды сипаттайтын бейне бар.

Сондай-ақ, консультация алу үшін сіз облысыңыздағы біздің аймақтық кеңсеге немесе қабылдаушы ұйымға жүгіне аласыз. Аймақтық кеңсе мен қабылдаушы ұйымдардың байланыс деректері біздің сайтта көрсетілген.

Қосымша инстаграмда тікелей эфирлер өткізіледі, онда жобаны әзірлеу және өтінімді рәсімдеу жөнінде сұрақтар қоюға болады.

9) Конкурсқа қатыса алатын жобалардың үлгілері бар ма?

Біздің сайтта сіз өткен жылдары Жоба қатысушылары іске асырған жобалармен таныса аласыз.

10) Жобаларды іске асыру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда мен кімнен кеңес ала аламын?

Сіз Жобаның call-орталығына 8 800 080 15 20 нөмірі бойынша хабарласа аласыз, онда сізге барлық қажетті ақпарат беріледі. Жобаны іске асыру барысындағы есептілікті ұсыну жөнінде кеңес алу үшін Үйлестіру агенттігінің аймақтық кеңсесіне жүгіне аласыз.

  • 1
  • 2