Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ТӘЛІМГЕРЛІК (МЕНТОРЛАРҒА КОНСУЛЬТАЦИЯ БЕРУ)

1) Тәлімгерлік (менторлық) деген не?

Бұл коучинг, тәлімгерлік, эмоциялық қолдау көрсету, сондай-ақ «әрекет арқылы» оқытуды қамтитын кешендік бағдарлама. Ментор мен қамқорлыққа алынушының өзара сенімі мен қадірі қағидаттарына, қойылған мақсаттарға жету үшін өзара әрекеттесу мен ақпаратпен алмасу тілектеріне негізделген.

2) Ментор деген кім?

Өз еркімен тәжірибесімен бөліскісі келетін, сондай-ақ, қамқорлығындағы адамның өмірлік әрекетіне тікелей кіріспей, оның жеке және кәсіби мақсаттарына жетуіне көмектесуге дайын адам.

3) Ментор қалай іріктеледі?

Менторды іріктеу өтінім мен оның қосымшасының және сұхбаттасу негізінде жүзеге асырылады. Менторлармен жұмыс істейтін мамандардан тұратын ішкі комиссия жеке аймақтар бойынша Жобаның өлшемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес менторларды іріктейді.

2019 жылы алты аймақтан шамамен 200 менторды тарту жоспарланып отыр.

4) Менторға өтінімді қайда және қалай беруге болады?

www.zhasproject.kz. сайтында онлайн өтінім нысанын толтыру арқылы беріледі.  Өтінімді толтыру үшін www.zhasproject.kz сайтындағы басты бетте «Ментор болғым келеді» немесе «Менторлар» қосымшасында «Өтінім беру» деген батырманы таңдау қажет. Әрі қарай, өтінімнің барлық жолдарын толтырып, «Жіберу» деген батырманы басу қажет. Менторларды іріктеуге өтінімдер қабылдау 2019 жылғы 15 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

 

5) Кім ментор бола алады?

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағында тұратын (6 айдан кем емес) белсенді тұрғындар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері, әлеуметтік жұмыскерлер, кәсіпкерлер.

Негізгі өлшемдері: әлеуметтік салада немесе жастармен, әсіресе жастардың осал топтарымен жұмыста 5 жылдан кем емес тәжірибесі, мобильділік (облыс бойынша іс-сапарлар), жаңаға және өзара әрекеттесуге ашықтық.

Менторға өтінімді жастар топтарының қатысушылары және қабылдаушы ұйымның жетекшілері мен есепшілері тапсыра АЛМАЙДЫ.

6) Ментордың рөліне өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет

  1. Онлайн сауална
  2. Жеке куәліктің көшірмесі
  3. Білімі туралы дипломның көшірмесі
  4. Жастармен жұмыс жасау және/немесе тренингтер жүргізу тәжірибесін растайтын сертификаттар (3 тен көп емес)
  5. Мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан, Telegram @EgovKzBot)
  6. Сотталмағандығы туралы анықтама (ХҚКО-нан, Telegram @EgovKzBot)
  7. Наркологиялық және психиатриялық бөлімдерден анықтамалар
  8. Ұсыныс хат (жұмыс берушіден кәсіби ұсыныстар).

7) Менторға өтінімді қашан беруге болады?

2019 жылғы 15 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін.

8) Нәтижелер қашан және қалай белгілі болады?

2019 жылдың мамыр айының 10-на дейін. Әр менторды өтінімде көрсетілген электронды пошта мен телефон арқылы жеке ескертіледі.

Іріктеуден өткен әр менторға www.zhasprojcet.kz порталындағы жеке кабинетке логин мен пароль беріледі.

9) Ментор қалай көмектесе алады?

Кездесулер кезінде ментор қатысушыларды белсене тыңдайды, кері байланыс береді, шешу түрлерін ұсынады немесе оларды жобаларды орындаушылармен бірігіп әзірлейді, қажетті жағдайда жобаның міндеттерін шешу үшін ынтымақтастықты реттеуге көмектеседі. Қосымша, ментор жеке және кәсіби мақсаттарға жетуге көмектеседі.

10) Ментордың міндеттеріне не кіреді?

Менторға жобаларды іске асыратын жастар топтары бекітіледі. Әр менторға 5 жобаға дейін.

Ай сайын ментор тәлімгерлік сессиялар өткізеді – әр топпен 1 сессиядан.

  • Жас қатысушылармен ай сайынғы сессиялар өткізу
  • Сессия өткізуге алдын ала дайындалу, кездесулер арасында қамқорлығындағылармен байланысып отыру.
  • Жобаның веб-порталындағы жеке кабинетте өткізілген сессиялар бойынша онлайн хаттамалар жүргізу (қандай мәселелер қаралды, қандай шешімдер қабылданды).
  • Қосымша ретінде кейбір менторлар (тестілеуден өтіп, сертификат алған жағдайда) бағдарламаның бастапқы және соңғы кезінде қатысушыларға оқыту жүргізеді (4-күндік тренинг)