Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ҚАБЫЛДАУШЫ ҰЙЫМДАР

1) Қабылдаушы ұйымдар дегеніміз кімдер?

2020 жылы гранттық бағдарламаға қатыса алатын қабылдаушы ұйымдардың тізімі, тиісті аймақта 2017 жылы конкурстық негізде іріктелген қабылдаушы ұйымдардың тізімі негізінде қалыптастырылатын болады.

Қабылдаушы ұйымдар - бұл жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыратын жеке ұйымдар. Олардың рөлі - әлеуетті қатысушыларды консультациялау және конкурстан өткен әлеуметтік жобаларды қолдау болып табылады. Яғни, бұл ұйымдар жастардың бастамашыл тобына жобаны іске асыруда толығымен көмектесетін болады. Олардың әкімшілік шығындары грант сомасынан тыс ескеріледі.

2) Неге дәл осы қабылдаушы ұйымдар, кім оларды таңдады?

Бұл қабылдаушы ұйымдар жастармен жұмыс жасауда өздерін жауапты серіктестер ретінде танытты және 2017 жылы конкурстық негізде іріктелді. Конкурстық комиссияға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Жобаны басқару тобының және Үйлестіру агенттігінің өкілдері кірді.

3) Егер менде бірігіп өтінім беретін достар, ниеттес адамдар болмаса, не істеймін?

Сіз қабылдаушы ұйымдардың біріне хабарласа аласыз, онда Сізге басқа жастар топтарынан әлдебіреумен бірігуді ұсынуы мүмкін.

4) Қабылдаушы ұйымды қалай табуға болады?

Қабылдаушы ұйымдардың тізімі, ұйым жұмыс істейтін аймақты және байланыс ақпараттарын көрсетумен, zhasproject.kz ақпараттық порталында орналастырылады.

5) Қабылдаушы ұйым ретінде кім бола алады? Негізгі өлшемдері қандай?

2020 жылы гранттық бағдарламаға қатыса алатын қабылдаушы ұйымдардың тізімі, тиісті аймақта 2017 жылы конкурстық негізде іріктелген қабылдаушы ұйымдардың тізімі негізінде қалыптастырылатын болады.

Қабылдаушы ұйымдарға қойылатын талаптар:

  • ұйымның заңды тіркелуінің болуы;
  • ұйым Алматы және Қарағанды облыстарының аумақтарында әрекет етуі тиіс;
  • мәлімделген қызметтің ұйымның жарғылық мақсаты мен жарғылық қызметіне сәйкесуі;
  • жастардың қатысуымен әлеуметтік бағдарламаларды/жобаларды іске асыру саласындағы тәжірибенің болуы;
  • салықтық және өзге берешектердің болмауы;
  • қолданыстағы банк шотының болуы;
  • ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтында қызметтерді жосықсыз жеткізушілердің тізілімінде болмауы керек.

6) 2020 жылы қабылдаушы ұйымдар тізіміне кіру үшін қандай құжаттар қажет?

  1. қабылдаушы ұйымның қолы мен мөрі қойылған келісім-хат;
  2. ұйымның заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жарғысының сканерленген нұсқасы;
  3. заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің/анықтаманың сканерленген нұсқасы;
  4. ұйымға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының қолы мен мөрі бар (i) банк шотының болуы туралы және (ii) міндеттердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтамалардың сканерленген нұсқасы, анықтамалар өтiнiмді берген күнінiң алдындағы бiр айдан бұрын берілмеуі тиiс;
  5. өтiнiмдi берген күнiнiң алдындағы үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының сканерленген нұсқасы;
  6. республикалық ұйымдардың филиалдары үшін – қабылдаушы ұйымдардың конкурсына қатысу үшін ресми рұқсат қағазы.

7) Егер біздің 2017 жылғы қабылдаушы ұйым 2020 жылы гранттық бағдарламаға қатысуға арналған шақыру алмаса, не істеу керек?

Гранттық бағдарламаға қатысуға арналған шақыру-хаты 2017 жылғы қабылдаушы ұйымдарға 2017 жылғы өтінімде көрсетілген электрондық пошталарға жіберіледі. Егер сіз шақыру-хатын алмасаңыз, онда сізге шұғыл түрде Үйлестіру агенттігімен хабарласу қажет. Шақыру-хатын алмауға қатысты барлық наразылықтар, ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін қабылданатын болады.

8) Қабылдаушы ұйым бізге қалай көмектеседі?

Қабылдаушы ұйымдар жас адамдарға келесі қолдауды көрсетеді:

  1. өтінімді толтыру, мақсатты тұжырымдау және жобаның мәнін сипаттауды дұрыс істеу үшін кеңес береді, консультациялайды, өтінім беруге көмектеседі;
  2. егер сізде 3-5 адамнан тұратын топ болмаса, онда сізге жобаны бірігіп іске асыру үшін жас адамдар табуға көмектеседі;
  3. тәуекелді ықшамдау және сәтсіздікке ұшырамау мақсатында жобаны іске асыру барысына жетекшілік етеді;
  4. жобаны орындау шеңберінде барлық қаржы операцияларын жүргізеді;
  5. Үйлестіру агенттігіне қаржылық және бағдарламалық есептерді ұсынады.

9) Қабылдаушы ұйым маған ұнамаса, не істеу керек?

Егер сіздің командаңыздың қабылдаушы ұйымның жұмысына көңілі толмаса, ұжымдық арыз жазу қажет, содан кейін сізді басқа қабылдаушы ұйымға қосу туралы мәселені қарастырамыз.

10) Қабылдаушы ұйымдар гранттар конкурсына өтінімді өз атынан бере алады ма?

Жоқ, қабылдаушы ұйымдар өтінімдер ұсына алмайды.

  • 1
  • 2