Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ЖОБАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

1) Кім Жобаның қатысушысы бола алады?

Мектеп оқушыларынан басқа, 14-тен 29 жасқа дейінгі (29 жасты қоса алғанда) жастар.  Қатысушылар Алматы және Қарағанды облыстарының аумағында тұрақты тұруы тиіс (кемінде 3 ай тұрақты тіркелуі). 2017-2019 жылдары Жобаға грант алушылар ретінде қатысқан жастар 2020 жылы Жобаға қатыса алмайды.

2017-2019 жылдары Жобаға ментор ретінде қатысқан жастар 2020 жылы Жобаға тек ментор ретінде қатыса алады, топ қатысушысы  бола алмайды.

2) Егер менің жасым әлі 14-ге толмаса, бірақ жақын уақытта толсам, мен өтінім бере аламын ба?

Өтінім беру кезінде Сіз 14 жаста болуыңыз керек. Бірақ есіңізде сақтаңыз, мектеп оқушылар Жобаға қатыса алмайды.

3) Жақын уақытта мен 30 жасқа толсам, мен өтінім бере аламын ба?

Иә, бере аласыз. Өтінім беру кезінде, Сіз 29 жаста болуыңыз керек.

4) Егер мен, мысалы, Алматы қаласында тіркеуде болсам (2020 жылы Жобаға қатыспайтын өзге аймақтарда), мен Жобаға қатыса аламын ба?

2020 жылы Жобаға Алматы және Қарағанды облыстарының жастары ғана қатыса алады. Осы ақпаратты растау үшін Сізге өтінім нысанына egov.kz электрондық порталынан тіркеудің растауын (соңғы 3 ай тұруын) қоса беру қажет.

5) Осы облыстардың бірінде тұрып, жобаны сол облыста, бірақ басқа елді мекенде іске асыру үшін өтінім бере аламын ба?

Сіз жобаны өз ауданыңыздың шегінде іске асыруыңыз тиіс. Сіздің топтың қатысушылары сізбен бір ауданда тұратын жастар ғана болуы тиіс.

6) Алматы және Қарағанды облыстарында тұратын жастар, егер уақытша басқа қалада немесе елде оқитын болса, өтінім бере алады ма?

Жоқ, жас адамдар 5 ай бойы өз жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған жерде тұруы тиіс. Жобаны қашықтықтан іске асыру қарастырылмаған.

7) Егер мен сырттай оқитын болсам, өтінім бере аламын ба?

Иә. Жоба оқыту нысаны бойынша шектеулер қоймайды.

8) Конкурсқа көп мақсатты жобалар ұсынуға болады ма?

Жобаның мақсаты біреу болу керек. Мақсаты сіздің аймақтағы қоғамның өмірін әлдеқандай игіліктер ұсыну арқылы жақсартуға бағытталуы тиіс.

9) Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары қатыса алады ма?

Иә, қатыса алады. Бірақ жобаны іске асыру кезінде Сіздің коммерциялық қызметпен айналысып, табыс табуға құқығыңыз жоқ.

10) Егер менде идеялар көп болса, мен бірнеше өтінім бере аламын ба?

Жоқ, Сіз тек қана бір өтінім бере аласыз.