Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

БЕНЕФИЦИАРЛАР ҮШІН ӨТІНІМ БЕРУ ПРОЦЕСІ

1) Егер менде идея болса, бірақ мен оны қалай сипаттайтынын білмесем, не істеуім керек?

Біз,сіздерге арнап, жобаны қалай жазу туралы оқыту семинарларын қарастырдық. Гранттық конкурс кезінде әр облыста аудан деңгейінде барлық тілек білдірген жастар үшін әлеуметтік жобаны әзірлеу бойынша ашық семинарлар өтеді. Семинарда сіздің жобаңыздың бағыты мен мазмұнын белгілеуге көмек көрсетеді. Семинарға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Семинарлар 2019 жылғы 15 наурыздан бастап 14 сәуірге дейн жүргізіледі. Сіз жобаны дұрыс жазу үшін, тобыңызбен тіркеліп, семинарға қатыса аласыз. Тіркелу сайттағы жеке кабинетте жүргізіледі. Тіркеусіз семинарға қатыса алмайсыз – орындар саны шектеулі. Әр облыста 50-ге жуық семинар өтеді – порталда, жарқағаздарда немесе әлеуметтік желілерде кестені бақылап отырыңыз.

Сондай-ақ, қабылдаушы ұйымда Сізге идеяны жобада қалай сипаттау керектігі туралы кеңес береді.

2) Қатысу үшін өтінімді қалай береді?

Жобаға қатысу үшін сіздер 3-5 адамнан бірігіп, топтың көшбасшысын таңдауларыңыз қажет.

Топтың әр мүшесі сайттағы қатысушының сауалнамасы нысанын толтырып жеке тіркелуі қажет. Тіркелгеннен кейін әр қатысушыда www.zhasproject.kz сайтында жеке кабинеті болады.

Содан кейін, топ көшбасшысы жеке кабинеттегі жоба өтінімінің онлайн-нысанын толтыруы қажет. Өтінім әр тармағы бойынша толтырылып, топтың көшбасшысы өтінімді конкурсқа жібереді. Қатысушыларға топқа шақырылғандары туралы хабарлама келеді.

Өтінім нысанын толтырған кезде, сіз жобаны жүзеге асыру тәсілін таңдай аласыз: өз бетіңізбен немесе қабылдаушы ұйымның қолдауымен. Қабылдаушы ұйымды таңдаған жағдайда, таңдалған ұйым да өтінімді растау керек.

 www.zhasproject.kz ақпараттық порталдың жұмысында мәселелер мен іркілістер туындаған және 3 күн ішінде оларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, жас қатысушыларға  электрондық пошта арқылы кіші жобалық өтінім берудіңбалама тәсілі ұсынылады.

3) Өтінім беру мерзімдері қандай?

2019 жылғы 15 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін.

4) Өтінімнің нысанын қайдан табуға болады?

Гранттық бағдарламаға қатысу үшін өтінім Жобаның www.zhasproject.kz ақпараттық порталында онлайн режимде толтырылады.  Жобалық өтінімнің нысанымен алдын ала біздің сайтта таныса аласыз https://zhasproject.kz/kz/page/application-forms 

5) Өтінім беру үшін қандай құжаттар қажет?

  • топтың әрбір мүшесінің жеке куәлігінің (паспорт) сканерленген нұсқасы;
  • топтың әр мүшесiнiң мекенжай анықтамасы;
  • қатысушылардың білім құжаттарының сканерленген нұсқасы;
  • топтың әр мүшесiнiң соңғы 12 айдағы зейнетақы аударымдары бойынша анықтамалардың сканерленген нұсқасы;
  • гранттық бағдарламаға қатысу үшін ата-ананың (қамқоршылардың) біреуінің нотариалды куәландырылған рұқсат қағазының сканерленген нұсқасы (18 жастан кіші жастар үшін);
  • үміткерлер қалауы бойынша (мүгедектік, жұмыссыздық анықтамалары) басқа да құжаттар.

6) Мен өз өтінімімді түзете аламын ба?

Сіз өз өтініміңізді Жобаның www.zhasproject.kz ақпараттық порталындағы жеке кабинетте, «өтінім беру» деген сілтемені басқанға дейін түзете аласыз. Өтінім бергеннен кейін Сіз оны түзете алмайсыз. Үйлестіру агенттігі Сізге өтінімді техникалық жағынан өзгерту қажет деп шешім қабылдаса,ол Сізге хабарлама жібереді. Хабарламаны алғаннан кейін, өтінімді түзетіп, 5 күн ішінде қайтадан жіберу қажет.

7) Өтінімді рәсімдеуде негізгі талаптар қандай?

Барлық тармақтардың толтырылуы және барлық қажетті құжаттардың тіркелуі.

8) Мен құжаттарымды жинауға үлгермей жатырмын. Мен не істеймін?

Егер өтінім қабылдаудың соңғы күніне дейін Сіз қажетті құжаттарды жинай алмасаңыз, өкінішке орай, Сіз Жобаға қатыса алмайсыз.

9) Мен топ жинауға үлгермей жатырмын. Мен не істеймін?

Өзіңіз 3-5 адамнан тұратын топты жинай алмасаңыз, Сіз жобаға қатысу үшін топты қалыптастыруға көмектесу өтінішімен қабылдаушы ұйымға жүгінуге құқылысыз.

10) Өтінімді жалғыз бере аламын ба?

Жоқ, бастамашыл топ 3,4 немесе 5 адамнан тұруы қажет.

  • 1
  • 2