Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ЖОБАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

1) Жобаларды кім іріктейді?

Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. 1 – ережелерге сәйкестігі бойынша техникалық іріктеу (түзетуге мүмкіндік болады), 2 – іріктеу комиссиясының отырысы (жобаларды бағалау), 3 – Кездейсоқ іріктеме әдісімен іріктеу (рандомизация).

2) Өтінімдерді іріктейтін комиссияның құрамына кім кіреді?

Комиссия халықаралық ұйымдардың өкілдерінен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан, орталық мемлекеттік органдардың қызметшілерінен, қоғамдық қайраткерлерден, ғалымдардан, жоғары оқу орындары, ұлттық компаниялар, үкіметтік емес сектордың өкілдерінен, жастар саясаты саласындағы беделді сарапшылардан қалыптастырылады.

3) Үздік жобалар қандай қағидаттар бойынша іріктеледі?

Жобалар әлеуметтік тұрғыдан маңызды болуы тиіс. Бұл – жобаның мақсаты сіздің аймақтың тұрғындарына пайдалы болу қажеттігін білдіреді.Жоба коммерциялық болмауы және жеке табыс табуды көздемеуі тиіс. Ондай жобаларды Үйлестіру агенттігі қабылдамайды. Жоба сіздің аймақтағы өзекті мәселелерді шешуі тиіс. Сонымен бірге, Жоба шындыққа негізделген болуы керек, яғни сіз оның іске асу тетігін көруіңіз керек. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына көмектесуге бағытталған жобалар басымдық мағынада болады, оларға мүгедектер, оралмандар, жұмыссыздар, жетімдер және т.б. жатады. Сондай-ақ, ешқайда жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ кедейлік шегінде қалып отырған жастардың осал топтарын тартуға кеңес береміз.

4) Мен конкурстың нәтижелерін қайдан білемін және мені қалай хабарландырады?

Сіз өтінім жібергеннен кейін, Сізге автоматты түрде бірегей тіркеу нөмірі беріледі. Бұл нөмір арқылы Сіз кез келген уақытта сайттан өтінімнің жағдайы туралы ақпарат ала аласыз. Сонымен қатар, өтінім жағдайының өзгеруі туралы ескерту тіркеу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөміріне жіберіледі.

5) Рандомизация деген не?

Халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын компьютерлік кездейсоқ әдісі.

6) Неге сіздер рандомизацияны қолданасыз?

Біздің Жобада рандомизация шектелген ресурстарды бөлу тәсілі ретінде қолданады, яғни 2019 жылы біз 1100 жобаға дейін қаржыландыра аламыз. Бағалау комиссиясының іріктеуінен өткен жобалар саны мыңнан көп болады. Рандомизация, бағалау комиссиясының іріктеуінен өткен барлық жобаларға тең деңгейде, қаржыландыру алатын жобаның ішіне кіруге тең мүмкіндік береді.

Оған қоса, рандомизация адами факторды жояды, себебі рандомизация компьютерлік бағдарлама арқылы жүргізіледі.  

7) Техникалық іріктеу дегеніміз не?

Ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың гранттық конкурс шарттарына сәйкесуін анықтау мақсатында, Үйлестіру агенттігінің мамандары өтінімдерді техникалық іріктеуді жүргізеді.

Техникалық іріктеу жүргізу кезіңде ҮА-нің мамандары келесі өлшемдерді басшылыққа алады:

  • кіші жобалық өтінімнің рәсімделуі мен толықтығы
  • кіші жоба командасының болуы
  • кіші жобаның әлеуметтік бағыттылығы.

8) Егер мен конкурстан өтпесем, мен ендігі жылы қатыса аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ, себебі әр облыста Жоба тек бір рет жүзеге асады.

9) Бағалау комиссиясының іріктеуі кезінде белгілі жобаларда басымдықтар бар ма? Егер бар болса, қандай?

  1. Кіші жобаның әлеуметтік маңыздылығы (ойдың өзектілігі, негізділігі және шынайылығы, кіші жоба шешуге бағытталған әлеуметтік мәселенің маңыздылығы, жергілікті қоғамдастыққа және оның мүшелеріне пайда)
  2. Кіші жобаның нәтижелеріне қолжеткізушілік(кіші жобалар нәтижелерінің болуы, нақтылығы және шынайылығы, кіші жобаның мақсатты тобының қамтылуы)
  3. Кіші жобаны орындаудың нақты және тиімді жоспары (кіші жобаны орындау бойынша іс-шаралар жоспарының қисындылығы мен реттілігі, кіші жобаның жоспарланған іс-шараларының оның мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі)
  4. Кіші жобаның мақсаттарына сәйкесетін қисынды және тиімді бюджет (кіші жоба бойынша болжанған қызмет бюджетінің жоспарланған баптарының негізділігі)
  5. Кіші жобаның тұрақтылығы (гранттық қаржыландыру аяқталғаннан кейін әлеуметтік жобаны одан әрі дамыту және қызметін жалғастыру перспективасының болуы)