Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК (МЕНТОРЛЫҚ)ПРОЦЕСІ

1) Өмірлік аңызы бар дағдылар дегеніміз не?

Бұл адамның өміріне маңызды дағдылар. Адамның жасы мен оларды қолдану жағдайларына байланысты. Кішкентай балаларға бір дағдылар қажет, 14-29 аоалығындағы жастарға басқа дағдылар.

Ересек өмірде орналасу, жұмыс табу немесе өз кәсібін ашу, оған қоса өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіну. Мысалы, шешім қабылдау, адамдармен өзара әрекеттесу, келіссөздер жүргізу немесе бюджет құру. Бұл дағдылар өмірде, жұмысқа орналасуда және қоғамға қатысуда қажет болады.

Адамның бұл қабілеттері күнделікті өмірде тиімді әрекет жасауға, өмірдің талаптары мен өзгерістеріне сәйкес болуға  көмектеседі.

 

2) Оқытуға не кіреді?

Оқыту бағдарламасы үш кезеңнен тұрады:

I кезең – өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаны басқару бойынша 4 күндік тренинг. Өз-өзіңізді, мықты жақтарыңызды, және өзіңіз бен қоғамға қалай көмектесе алатыныңыз туралы біле бастайсыз. Командада қалай жұмыс жасау  керегі, қаржыны мен Жобаны басқару.

II кезең – «әрекет арқылы» оқыту – 6 ай бойы менторлармен ай сайынғы сессиялар. Сессияларда кәсіптік мақсаттарға немесе кіші жобаның мақсаттарына қолжеткізу бойынша жұмыс дәптері жүргізіледі.

III кезең - өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаның тұрақтылығы бойынша қосымша 4 күндік тренинг. Сіз талдау мен жоспарлау, жобаларды бағалау, жобаны әрі қарай   дамыту бойынша дағдыларға ие боласыз. 

 

3) Оқытудан қалай өтемін?

Оқытуға жеке кабинет арқылы тіркеліп, сіздің дағдыларыңыз бойынша сауалнама толтыру қажет. Тренингтің өтетін орны мен басқа нақты ақпарат Жоба сайтында және жеке кабинеттерде орналастырылады.

4) Егер мен оқытудың 4 күнінен 1 (2,3) күн ғана қатыссам оқыту санала ма?

Қатысушы тренингке 4 күннің  3 тен кем емес күніне қатысса оқыту өткен болып саналады.  Егер дәлелді себепсіз (растайтын құжаттың болуы міндетті) күндердің біреуінде қатыспаса, қатысушы онлайн курстың барлығын өтіп, тест тапсыруға (өту балы -80%) міндетті. Тренингке қатысуға кедергі болатын мүгедектік дәрежесі болған жағдайда,  онлайн курсты өту міндетті.

5) Оқыту қашан өтеді?

Алғашқы тренинг жобаны іске асырудың ең басында – 2019 жылғы маусымның ортасында барлық облыстарды бір уақытта өткізіледі.

Екінші тренинг жобаны іске асырудың соңында – 2019 жылғы қарашада өткізіледі.

Бұл 4 күндік тренингтер болады.

 

6) Оқыту қайда өтеді?

Тренингтер қатысушылардың тұратын жерлеріне барынша жақын аудан орталықтарында/қалаларда өткізіледі. Өзге елді мекеннен келген қатысушыларға жобаның шотынан жол, тұру, тамақтану шығындары төленеді.

7) Оқытуды кім өткізеді?

Алдын ала іріктеу мен оқытудан өткен, тестілеу мен жеке сипаттамалары негізінде сертификат және тренингтер өткізуге рұқсат алған менторлар.

 

8) Мен сертификат аламын ба?

Оқыту бағдарламасын соңына дейін өткен және шарттың барлық талаптарын орындаған қатысушыларға сертификат беріледі.

9) Егер мен оқытудан өткім келмесе, не істеймін?

Оқыту бағдарламаға қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. Сізге міндетті түрде тренингтерге қатысып, ай сайын ментормен кездесу қажет болады. 

10) Егер мен оқытуға дәлелді себеп бойынша қатыса алмасам?

Егер сіздің денсаулығыңыз бойынша шектеулер немесе басқа да орынды себептер болса, сіз жеке кабинетіңізде растайтын құжат тіркеп, оқытуға тіркелген кезде белгілеуіңіз қажет (мәселе оқыту үстінде пайда болса, оқытудан кейін тез арада құжатты көрсету).

Оқытуға дәлелді себепсіз қатыспасаңыз, онлайн курсты өтуге және барлық үй тапсырмалар мен қорытынды тестті (өту балы -80%) тапсыруға міндеттісіз. Онлайн курсты өткеннен кейін ғана шәкіртақы аударылу мәселесі қарастырылады.

  • 1
  • 2