Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАР

1)Жастар корпусын дамыту жобасы деген не?

Жастар корпусын дамыту жобасы– жастарға арналған бірегей бағдарлама. Бағдарлама шеңберінде жастар өз кәсіби және көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге, оған қоса халыққа пайдалы әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға  мүмкіндік беріледі.

2)Жастар корпусын дамыту жобасы не үшін керек?

Жастардың білім және өмір деңгейлерін арттыру үшін, олар, мектепте және университетте оқытылмайтын, жаңа дағдылар алуы үшін.

3)Мен Жобадан қандай пайда аламын?

Сіз өзіңіздің білім және өмір деңгейіңізді арттырып, мектепте және университетте оқытылмайтын жаңа дағдылар меңгере аласыз. Сонымен қоса, сіз шынында қажетті және маңызды жоба әзірлеу және іске асыру арқылы қоғамға пайда тигізе аласыз. Осынын бәрі сізге жаңа деңгейге шығып, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді!

4) Жастар корпусын дамыту жобасын кім іске асырады?

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл  Дүниежүзілік Банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны конкурстық негізде анықталған Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.

5)Жастар корпусын дамыту жобасын кім қаржыландырады?

Жоба Дүниежүзілік банк әкімшіліктендіретін Траст қоры арқылы Швейцариялық даму мен әріптестік  агенттігі есебінен қаржыландырылады

6)Жобаға қанша адам қатысады?

2018 жылы Жоба 3500 жас адамды қамтиды.

7)Жалпы сіздің жобаға ілігу қаншалықты мүмкін?

Иә, бізге әр қатысушы маңызды. Біз барлығында өтінім беру мүмкіндігі болу үшін талаптарды барынша жеңілдеттік. Бар керегі – бұл ең төмен талаптарға сай келу (жасы, Жобаны жүзеге асыру аймағында мекендеуі), әлеуметтік идеяныңжәне ниеттестер тобының болуы.

8)Сіздер неліктен нақты осы аймақтарды таңдадыңыздар?

2020 жылға дейін Жоба Қазақстанның барлық аймағын қамтиды. 2017 жылы Жоба төрт облыста жүзеге асырылды – Алматы, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары. 2018 жылы Жоба Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылады. 2019 жылы Жоба Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Астана және Алматы ққ. іске қосылады.  Жобаның жүзеге асырылуының кезегін анықтау үшін, біздің Жобаның ең көп қажеттілігі тақырыбындааймақтарға талдау жүргіздік. Біз демографиялық жүктеме, жастар еңбек нарығы мен жұмыссыздық, жастардың табысы, тәуекелді тәртіп және басқа да әр түрлі факторларды бағаладық. ҚР ҰЭМ Статистика комитеті ресми дереккөзінен алынған ақпаратты және өзіміздің зерттеулерімізді қолдандық.

Жалпы, 2018 жылдың аймақтары туралы айтсақ, СҚО өте төмен демографиялық жүктеме байқалады, Ақтөбе мен ШҚОкерісінше. Оған қоса СҚО мен ШҚО жастардың табыстары төмен және осындай жастардың саны біршама көбірек. Жамбыл және Қызылорда облыстарында оқу оқымайтын, жұмыс жасамайтын жастар көп. Қостанай мен ШҚО жастардың тәуекелді тәртіп және әлеуметтік маңызды ауруларға шалдығу көрсеткіштері жоғары.

Аталғандай, біз барлық аймақтарды қамтимыз және әр жас қазақстандықта біздің Жобаға қатысуға мүмкіндік болады.

9)Болашақта Жастар копусын дамыту жобасына басқа аймақтар қосылады ма?

Иә, 2017-2020 жж. Аралығында Жоба барлық Қазақстанды қамтиды.

10)Мен тікелей ұйымдастырушылармен сөйлескім келеді

Сіз Үйлестіру агенттігінің call-орталығына 8 800 080 15 20 нөміріне хабарласа аласыз, сізге сұрағыңыз бойынша кеңес беріледі. Қазақстанның кез келген аймағынан қоңыраулар тегін. Сондай-ақ, сіз Жобаның Facebook, Instagram немесе Vk.com.  әлеуметтік желілеріне жаза аласыз. Оған қоса, 8 700 080 15 20 Whatsapp нөмірі жұмыс жасайды. 

  • 1
  • 2