Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A
21.12.2018

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құрметті қатысушылар! 
Естеріңізге саламыз, жоба бойынша есептерді толтыру мен түзету, www.zhasproject.kz сайтында жұмыс істеу, сауалнамаларды толтыру бойынша консультацияларға байланысты барлық қызметтер, сондай-ақ оқыту мен ментордың қолдауы Жоба қатысушыларына ТЕГІН көрсетіледі. 
Бұл қызметтерді сіз Үйлестіру агенттігінің аймақтық кеңселерінде және өз қабылдаушы ұйымдарыңыздан ала аласыздар. 
Сонымен қоса, жобаларды жабу, қатысушыларды жобадан шығару, гранттың немесе шәкіртақылардың төленуін тоқтата тұру бойынша барлық шешімдерді гранттық бағдарлама жөніндегі республикалық комиссия қабылдайды.