Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A
05.07.2019

Менторлық – бұл Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырудың маңызды бөлігі.

Менторлық – бұл Жастар корпусын дамыту жобасын іске асырудың маңызды бөлігі.

Ментор – өз еркімен тәжірибесімен бөліскісі келетін, қамқорлығындағы адамның өмірлік іс-әрекетіне тікелей араласпай, оның тұлға ретіндегі орнын баспай, жеке және кәсіби мақсаттарына жетуіне көмектесуге дайын адам. 

Менторлар Жобада тренингтерде жаңа дағдыларды үйретуге, жастар тобымен жұмыс істеу үшін тәлімгерлік дағдылар бойынша бастапқы және ілгерілетіп оқыту тренингінен өтеді. 

Менторлар бенефициарлар үшін тренинг бағдарламасының бастапқы және ілгерілетіп оқыту жүргізеді, сондай-ақ жобаларды жүзеге асыру барысында ай сайын жастармен кездеседі. Әрбір тәлімгерге Жоба сайтында қатысушылармен кездесулерін белгілеу үшін онлайн-жорналдар жүргізу тетігі іске қосылған. Әр кездесу үшін тәлімгерлер өтемақы алады.

2017 жылдан бастап жобаға 400-ден астам менторлар және 5000-ға жуық қазақстандық жастар қатысты. 2019 жылы жастар өздерінің жобаларын Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жүзеге асырады. Биылғы жылы ментор ретінде байқаудан біздің 2017 жылғы Алматы облысынан қатысушы болған Куздеубай Бибігүл Манарбекқызы өтті. Ол сол жылдары біздің Жобада «Біз тігеміз, тоқимыз және қаражат табамыз» атты әлеуметтік жобасын ойдағыдай іске асырды. Алматыға көшкеннен кейін ол жаңа командалармен тәжірибе бөлісу үшін ментор болды.

Маусым айында Бибігүл менторларға арналған үш күндік тренингті аяқтады. Енді ол қараша айына дейін өз жобаларын жүзеге асыру үшін үш топтың қатысушыларымен бірге жұмыс жасайды. Жеке және кәсіптік өсуге әкелетін қажетті қасиеттерді дамытуға, топтардың мүдделі тараптармен өзара тиімді қарым-қатынастарын қолдауға, жобалардың тұрақтылығын және дамуын жоспарлауға көмектеседі.

Ментор Салтанат Жұмабаеваның айтуы бойынша, жастар Zhasproject арқылы өз әлеуметтік жобаларын жүзеге асыра алады және олар өздерінің болашағын жақсарта алады. Жобадағы оқыту тренингтарда алған білімдері арқылы олар Жоба туралы көбірек білуге және жобаны жүзеге асыру барысында пайда болатын қиындықтарды жеңуге мүмкіндік алады. Жобаға көмектесетін әдістемелік көмек жастарға алға дамуына мүмкіндік береді. Ментордың айтуынша, жобаға қатысқан жастар болашақта кәсіпкер болып, ел экономикасын дамытуға үлес қосатынына сенімі мол.