Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A
06.08.2019

Құрметті Жастар корпусын дамыту жобасына қатысушылар!

Құрметті Жастар корпусын дамыту жобасына қатысушылар!

Егер сіз 4 күн бойы тренингке қатыссаңыз, онлайн курстан өтіп, тестілеу бойынша 80-нен астам балл жинасаңыз, бұл хабарлама сізге қатысты емес! 

Егер сіз қатысушылар үшін төрт күндік оқудан немесе 3 күннен аз өткен болсаңыз, онлайн курстан өту қажет. Бұл үшін:

  1. Жобаның нөмірін және тегіңізді, аты-жөніңізді орыс немесе қазақ тілінде жеке куәліктегідей көрсете отырып, https://lifeskills.kz сілтемесі бойынша тіркеліңіз, әйтпесе Сізге курс есептелмейді.
  2. Өзіңіздің электрондық поштаңыздан тіркеуді растаңыз.
  3. https://lifeskills.kz-ке өз логиніңіз бен құпиясөзіңіз арқылы кіріңіз.
  4. Сіздің кабинетіңізде сол жағында орналасқан мәзірден «КУРСТАР» батырмасын таңдаңыз.
  5. Оқыту тіліне байланысты "Өмірдегі маңызды дағдылар мен жобаларды басқару" немесе "Жизненно важные навыки и управление проектами" курсын таңдаңыз.
  6. "Курсқа жазылу" батырмасын басыңыз. Курсты толығымен аяқтап, ЭССЕ жазыңыз.
  7. Курс аяқталғаннан кейін «ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТІЛЕУДЕН» өтіп, кемінде 80% алу керек. Тестіні бірнеше рет тапсыруға болады.
  8. Тестіге жазылу да КУРСТАР бөлімінде орналасқан. Оқыту тіліне байланысты "Қорытынды тест-Өмірдегі маңызды дағдылар мен жобаларды басқару" немесе "Итоговый тест-Жизненно важные навыки и управление проектами"тестін таңдаңыз. Тестілеуге қолжетімділік курсты толық аяқтағаннан кейін ғана ашылады.
  9. Әкімші сіздің курсқа және тестіге жазылуыңызды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ге дейін растайды.
  10. Курсқа тіркелу 2019 жылғы 15 тамызға дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады. 11. Онлайн оқыту курстан және қорытынды тестілеуден толық өткеннен кейін ғана есептеледі.
  11. Сонымен бірге, Жеке кабинетіңізде «Қатысушылар үндеулерінің нысанында» төрт күндік оқытуға қандай себептермен қатыспағаныңыз туралы түсініктемені толтырып, болған жағдайда, растаушы құжаттарды/анықтамаларды тіркеуіңізді сұраймыз.