Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A
20.11.2020

Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігі шебер-жаттықтырушыларды қабылдау туралы жариялайды

Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігі 

Алматы мен Қарағанды облыстарында

өмірлік маңызы бар дағдыларды және жобаларды басқару бойынша дағдыларды дамыту бойынша

менторларға арналған үш күндік тренингтер өткізу үшін

шебер-жаттықтырушыларды қабылдау туралы жариялайды

Тренингтер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Жаттықтырушылар үшін тренингтер, сондай-ақ өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту (коммуникация, жанжалдарды шешу, келіссөздер, команда құру), әлеуметтік кәсіпкерлік, бизнес жоспарлау, менторларды/тәлімгерлерді оқыту бойынша тренингтер өткізуде кемінде 5 жыл тәжірибесі,
  • Сертификаттармен расталған жаттықтырушы біліктілігі (жаттықтырушы, бизнес-жаттықтырушы); соңғы 3 жылға біліктілікті арттыру курстары (коучинг, топтық жұмыстар және т.б.) қосымша есептеледі.
  • Онлайн оқытуды өткізу тәжірибесінің болуы (әртүрлі платформаларды пайдалану, интерактивті әдістерді пайдалану, оның ішінде шағын онлайн топтарда жұмыс істеу, тұрақты Интернеттің, кәсіби фонның болуы)

 

Құжаттар тізімі:

(нысан бойынша ұсынылмаған түйіндемелер қарастырылмайды).

 

Байқауға ұсынған құжаттары мен үміткерлерге қойылаған талаптар негізінде комиссия іріктеуі жүргізіледі.  Іріктеу нәтижелері түйіндемеде көрсетілген электрондық поштаға жіберілетін болады.

 

2020 жылғы 27 қараша, сағат 23:00-ге дейін zhas.trening@gmail.com электрондық адресіне «Шебер-жаттықтырушы» тақырыбымен құжаттар (тізім – қосымшада) жіберу қажет.

 

Осы хабарландыру жария оферта болып табылмайды.Конкурстан өту шарттың жасалуына кепілдік бермейді.

Үйлестіру агенттігі іріктелген жаттықтырушылармен себебін көрсетпей, келісім шартты жасамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Егер Сізбен шарт жасалған болса, онда Сізге:

  • 2020 жылғы 04-06 желтоқсанда әлеуметтік жобаларды іске асыратын жастарды сүйемелдейтін менторлар үшін мемлекеттік немесе орыс тілінде 3 күндік онлайн вебинар өткізу;
  • Провести индивидуальные консультации с каждым ментором.
  • Өткізілген тренингтер және менторлар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде есеп беру;
  • Менторларды қолдау үшін 3 айдың ішінде бір вебинар өткізу (тақырыптары келісіледі) керек.

 

Жұмыс шарттары:

  • Өткізу платформасы – Pruffme.com. қосымша - ZOOM;
  • тренинг жүргізу үшін төлемақы – күніне 70 000 теңге (барлық салықтарды қоса алғанда).