Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

БАҚ біз туралы

09.07.2019

Zhasproject жобасының түлегі Нұрлан Жартыбеков "Хабар" арнасындағы "Орталық Азия таланттар іздейді" жобасына қатыспақ

Нұрлан өткен жылы тоқу бойынша Қазақстанда рекорд орнатқан болатын. Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков Нұрланға сертификат табыстайды. Ол көз ілмей 72 сағат бойы мойынорағыш   тоқып, Қазақстанның "Киннес" рекордтар кітабына енгенін дәлелдейтін құжатқа ие болды.  Мойынорағыштың ені 30 см, ал ұзындығы 43 метрді құраған, деп хабарлайды Toppress.kz тілшісі.

20.06.2019

Ментор Гүлмирам Сражова: Аяқ-қолсыз да армандарға қол жеткізуге болады

Бұл жолдарды жазу үшін мен үшін басында өте ауыр болды. Себебі, менің межеге алып отырған тұлға физикалық тұрғыда мүмкіндігі шектеулі болсада, оның рухы, оның жігері тау мен тасты қопарардай мықты жан. Менің кейіпкерімнің басына түскен жағдайды екі аяқты пенденің өзі де көтере алмас еді. 

11.06.2019

ZhasProject: миллион кімге бұйырады?

3 830 536... Бұл Қазақстандағы 15-жастан жоғары 28-ге толған жастардың саны. 2019 жылын Жастар жылы деп жарияланғанына жарты жыл уақыт өтті.  Жастар жылында қандай шаруалар жасалынды, болашаққа бағдар бар ма? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын ресми мәліметтерге көз жүгіртсек, 542 458 – бұл еліміздегі жоғары оқу орнында оқитын жастар, ал 489 818 – бұл колледжде оқитын студенттердің саны. Жалпы осы жастардың 7,6 пайызын NEET санатындағы жастар екен.  Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті берген ресми мәлімет. Ескерте кететін тағы бір жәйт санақ іріктемелі түрде жүргізіледі. Ендеше, NEET (Not in Education, Employment or Training) санатындағы жастар деп - 15 жастан жоғары оқымайтын, жұмыссыз және тәжірибиесі жоқ 28 жасқа дейінгі жастар тобын айтамыз, - деп хабарлайды Toppress.kz.

01.06.2019

МАҢҒЫСТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

Биылғы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлескен «Zhas Project» жобасын іске асыру жоспарланған болатын. Жобаның басты мақсаты - әлеуеті төмен жастарды қолдау, оларды бәсеге қабілетті болуға үйрету, өз жобаларын ашуға  мүмкіндік беру.

23.04.2019

Жас кәсіпкер ауылдастарына жұмыртқа мен тауық балапанын тегін үлестірді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жас кәсіпкер Нұрәділ Сабыр ауылдастарына 500 жұмыртқа мен 120 балапанды тегін үлестірді, деп хабарлайды «Хабар 24».
09.04.2019

«Zhas Project» жобасы көптеген кәсіп көзін ашты

«Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жыл­дан бері жүзеге асып келеді. Жұмыссыз жас­тардың үздік әлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа қазірге дейін 5508 жас қатысып, 1616 бірлескен жоба жеңімпаз болған. Яғни, осыншама жұмыссыз жас өз кәсібін бастап, бүгінде еңбегінің жемісін жеп отыр. «Zhas Project»-тің ең тиімді тұсы сол, әр жобаға миллион теңгеден қайтарымсыз қаражат және әр қатысушыға алты ай бойы 40-60 мың теңгеден шәкіртақы беріледі.

05.03.2019

Республикалық брифинг Орталық коммуникациялар қызметі алаңында

Спикерлер ретінде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун, ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Өрсариев, Үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким және Жобаны басқару бойынша топтың үйлестірушісі Гүлмира Ескендірова сөз сөйледі. 

26.02.2019

Маңғыстау облысында жұмыссыз жастарға 1 млн теңгеге дейін грант беріледі

Әлеуметтік жоба ұсынған маңғыстаулық жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Көктемде басталатын жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан басқа барлық жас қатыса алады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және Ғылым министрлігінің жобаларды басқару бойынша топ жетекшісі Гүлмира Ескендірова мәлімдеді. Жобаны 4-5 жас бірігіп ұсынуларына болады. Шарт бойынша олар алғашқы 6 айда өндірген не көрсеткен қызметі тегін болуы тиіс. Сондай-ақ жобаға қатысқан әрбір адамға 40 пен 60 мың теңге аралығында шәкіртақы беріледі. «Бүкіләлемдік банк пен ҚР Білім және ғылым минстрлігінің біріккен жобасы елімізде 2017 жылы қолға алынған. Биыл Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы қалаларының жастары үшін  1100 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр.

26.02.2019

Жастарға берілетін 1 млн теңге: құжаттар 15 наурыздан бастап қабылданады

Қазақстанда әлеуметтік бастамалары бар жастардың қайтарымсыз қаржы алуына биыл да мүмкіндік туып отыр

19.02.2019

Тұрмысы төмен жастардың жобаларына 1 млн теңгеден грант беріледі

Жоба әлеуметтік жағынан аз қамтылған жастарды әлеуметтік және бизнес жобаларға тартуға бағытталған