Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Сәттілік оқиғалары - 2017

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: әркім үшін кедергісіз орта

Дәурет Тұрысбаев арбадағы адамдарға кейде ең қарапайым кедергілерден өту қаншалықты қиын екенін жақсы біледі – далаға шығу үшін баспалдақты марштар, жолдан өту үшін биік жиектастар. Талдықорған қаласында жобалар конкурсын жарияланған кезде, ол Zhasproject-ке қандай идеямен қатысатынын білді – ол тұрғын үйлердің кіреберістерінде пандустар салады. Идея жаңа емес – сызбаларды ол интернетте ашық қолжетімділікте тапты, себебі бұрыннан осымен айналысқысы келетін, бірақ қаражаты болмады.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: балалармен бірге ойнап оқыту.

Сүлейменов Андрей 23 жаста, ол – медициналық колледждің түлегі, бірақ ықыласы бойынша – әртіс. Сондықтан ол өмірін мерекелер мен іс-шараларға арнауды шешті, онда ол өз шығармашылық қабілеттерін көрсете алады. Адрейдің өзі осы бір біріне ұқсамайтын кәсіптерден өзіндік өзара байланыс көреді: «Көрініс өткізу – бұл да өзінше терапия, өнермен және жақсы көңіл-күймен инъекция. Мен мектепте, колледжде әрқашан мерекелер ұйымдастыруды жақсы көретінмін, онда немен айналысқым келетінін түсіндім».

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: ауылдық мүсінші қалайша аяқ-киім тігуді бастады

25 жастағы Айбекте Қазақстан үшін сирек кәсіп, ол – суретші-мүсінші. Кез келген шығармашылық тұлға ретінде, ол үнемі шабыт үшін жаңа идеялар іздейді. Бір күні оған, шебер теріден өткір пышақпен бөлшектерді, артықтарды кесіп тастап, өз еңбегін бір тұтасқа жинап, аяқ-киім қалай тігетінін көруге мүмкіндік туды. Бұл процесс Айбекті еліктіріп, ол өз кәсібіне соншалықты ұқсайтын осы кәсіпті, міндетті түрде үйренуді шешті. Бүгінгі күні Айбек – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыл-Жар ауылдық округінде аяқ-киім тігу бойынша шағын цехтін иесі, ол оны өткен жылы Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігі жобасының қолдауымен іске қосты.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: павлодарлық зейнеткерлер интернетті игеруде

Қарт адамдарға кейде заманауй ақпараттық технологияларды игеру өте қиын. Әсіресе қазір, себебі қазір мемлекеттік қызметтер туралы барлық өзекті ақпараттар, жаңалықтар, басқа қаладағы балалармен қатынасу интернет арқылы қолжетімді, оларды бірнеше минутта алуға болады, бірақ ол үшін жастардың көмегіне сүйену керек.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: ауыл сәнқойлары үшін ателье

Егер сен көп балалы ана болсан, қалай өз балаларыңды киіммен қамтамасыз етуге, сонымен қоса, сәнді және әдемі көрінуге болады? Осы мәселеге Павлодар ауылының жас тұрғыны Дина Тұрсұнханова тап болды.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілері өздеріне әжелер мен аталарды қалай тапты.

Шура әже 98 жаста. Сұхбаттастарынан – тек қана осакаровкалық қайырымдылық үйінің бұрынғы тұрғындары, онда ол қалған өмірін өткізіп жатыр. Өткен жылы олардың үйлерінде Қарағандыдан қыз бала пайда болғанға дейін, әжейде не балалары, не немерелері болған жоқ. «Есіл» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленуші қыз балалары Аникина Антонина, Исхакова Лилия, Рагушина Вероника, Регер Елена және Шуршенкова Валентина жалғыз басты қарттарды қамқорлыққа алуды шешті.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: сұлулық мейірімді қолда

Әлі колледжде оқып жүрген кезінде, Шахло Ибрагимова өз салоты туралы армандады, бірақ өз мақсатын іске асыру үшін оған тәжірибе мен мүмкіндіктер жетіспеді. Өз кәсіптік дағдыларын дамыту үшін оның қызметтеріне мүдделі, бірақ төлей алмайтын адамдардың шашын тегін алуды шешті. Осылайша, шаштараз құрбыларымен бірге волонтерлердің мобильді тобын қалыптастырып, ардагерлерге, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, балалар үйлеріне, аналар мен балалардың оңалту орталықтарына барды. Ал 2017 жылғы көктемде,  әлеуметтік желілерде Zhasproject конкурсының жарнамасын көріп, бұл мүмкіндік оған өз салоның ашуға, жобаны басқаруды үйренуге және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға көмектеседі деп шешті.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: әйелдерге арналған ауылдық фитнес-клуб

Павлодар облысының Алакөл ауылы облыс орталығынан 300 километрде орналасқан. 2017 жылға дейін ауылда жергілікті әйелдерге спортпен шұғылданатын орын болмады. Шағын мектеп спортзалы таңертеннен кешке дейін не оқушылармен, не футболшылармен бос болмайды.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: кадрдан бар әлемді көру.

Кәсіп құштарлықтан басталған жақсы. Екібастұздан шыққан Алексей Мулявкамен және Сергей Богдашинмен осылай болды. Бірде бұрын, Досымен интернеттегі кезекті жұмысты талқылап отырып, Сергей одан көмек сұрады. «Маған бірнеше суретті өңдеу керек болды. Оны өзі істеудің орнына, ол маған фотошоптағы негізгі батырмаларды көрсетіп, сәттілік тіледі. Осылайша, маған бүкіл әлем ашылды! Себебі, мен енді қиялыма келгеннің бәрін іске асыра алдым» - деп, есіне алады Сергей.

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: ауылдағы ағылшын тілі орталығы

Қазіргі заманғы қазақстандық кем дегенде үш тілді білуі тиіс – Білім және ғылым министрлігі осындай ұранмен біздің жастардың бәсекеге қабілеттілігімен алысады. Ал, жастардың өзі оған белсенді көмектеседі – жақында Дүниежүзілік банк пен ҚР БҒМ-нің бірлескен жобасы арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының шалғайдағы Ақ үй ауылында тілдік мектеп пайда болды – ал, оны колледждің үш студенті іске қосты.