Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Сәтті оқиғалар

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: әркім үшін кедергісіз орта

Дәурет Тұрысбаев арбадағы адамдарға кейде ең қарапайым кедергілерден өту қаншалықты қиын екенін жақсы біледі – далаға шығу үшін баспалдақты марштар, жолдан өту үшін биік жиектастар. Талдықорған қаласында жобалар конкурсын жарияланған кезде, ол Zhasproject-ке қандай идеямен қатысатынын білді – ол тұрғын үйлердің кіреберістерінде пандустар салады. Идея жаңа емес – сызбаларды ол интернетте ашық қолжетімділікте тапты, себебі бұрыннан осымен айналысқысы келетін, бірақ қаражаты болмады.

Дәурен таяудағы Сарқанда шебер-дәнекерлеушілерді тапты, олар арзанға құрылымдарды әзірлеуге келісті. Ол достарымен бірге құрылыс базарларына барып, тайғақ емес және төзімді болатындай қажетті кедір-бұдырланған профлисттар іздеді.

«Біздің бірінші пандусты біз Талдықорғанда ағылшын тілінің курстары өтетін үй-жайда орнаттық. Онда мүмкіндіктері шектелген балалар үшін арнайы топ бар және оларға әр жолы сабаққа келіп, баспалдақты марштардан өту қиын болды», - деп, есіне алады Дәурен. «Біз жобамен жұмыс істеуді бастағаннан кейін, біз туралы жергілікті газеттер жазды, одан кейін бізге тілектермен көптеген қоңыраулар түсті. Адамдар бізге алғыс айтып қана қоймай, сонымен бірге пандустар керек жерлердің мекенжайларын қалдырды. Бұл – қолжетімді орта мәселесі өте өзекті, ал біздің жұмыс, ауқымды болмаса да, қоғам үшін өте маңызды екенін білдіреді». Жобада ізбасарлар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы болатынын түсініп, Дәуреннің командасы басқалармен тәжірибелерін бөлісіп, пандустарды орнату бойынша оқыту өткізуді бастады. «Біздің пандустарды орнатқаннан кейін, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға баспалдақ аралықтарынан өту шынымен оңайырақ болды деп сенеміз».  

Жобаны іске асырудың 5 айы ішінде Дәурен мен оның командасы мүмкіндіктері шектеулі адамдар тұратын және жұмыс істейтін тұрғын үйлерде 11 пандус орнатты.