Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Сәтті оқиғалар

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: балалармен бірге ойнап оқыту.

Сүлейменов Андрей 23 жаста, ол – медициналық колледждің түлегі, бірақ ықыласы бойынша – әртіс. Сондықтан ол өмірін мерекелер мен іс-шараларға арнауды шешті, онда ол өз шығармашылық қабілеттерін көрсете алады. Адрейдің өзі осы бір біріне ұқсамайтын кәсіптерден өзіндік өзара байланыс көреді: «Көрініс өткізу – бұл да өзінше терапия, өнермен және жақсы көңіл-күймен инъекция. Мен мектепте, колледжде әрқашан мерекелер ұйымдастыруды жақсы көретінмін, онда немен айналысқым келетінін түсіндім».

Өткен жылы Андрей мен оның командасы бөбектер мен мектеп оқышылары үшін білім беру квест-ойындарының сериясы - «Party Boom» жобасымен Zhasproject Жастар корпусын дамыту жобасы гранттық конкурсының қатысушылары болды. Белгіленген тақырыппен байланысты жұмбақтарды шешіп, түрлі тапсырмалар орындап, балалар қазақстандық аса көрнекті қайраткерлер, өнер қайраткерлері, Қазақстанның тарихы, экологиясы туралы көп білді, «Кітап турларын» өткізді, жанжалдарды және оларды шешу жолдарын зерттеді және т.б. «Біз достарымызбен бірге волонтерлер ретінде балалар үшін түрлі шеберлік сыныптарын үнемі өткізіп отырдық. Осылайша, ерекше қамқорлыққа мүдделі балалармен тегін сабақтар идеясы туындады. Ойын процесінде балалар маңызды деректер мен ережелерді естеріне жақсы сақтайды, олар оны эмоциялық деңгейде өткереді және тиісінше, пайдалы ақпараттың үлкен көлемін байқаусыз маңгереді», - деп, идея авторы құпияларымен бөлісті. «Әр квест – бұл сиқырлы атмосфера, онда балалар ойын әлеміне батып, ашылуға, сұрақтар қоюға және жауаптар табуға үйренеді».

Барлық ойындар балалар үйлерінің, аула клубтарының, жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің базаларында, сондай-ақ, Теміртау мен Қарағандының медициналық орталықтарында ұзақ емделудегі балалар үшін өткізіледі. Позитивті ойлау және командалық рух оптимизммен және өзіне сеніммен оқтайды, шығармашылық әлеуетті ашуға көмектеседі. Жобаны іске асырудың 5 айы ішінде команда 10 авторлық квест әзірледі, 35 іс-шара өткізді, 1200-ден артық балалрды қатысуға тартты. Тәжірибе жинап, олар мерекелерді ұйымдастырумен кәсіби түрде айналыса алатындарын түсінді. Қазіргі уақытта, жастар өз агенттігін ашып, жобаларын жалғастыруда.

 «Zhasproject – бұл қатысуға тұрарлық және қатысу керек жоба. Тек қана оқы, алға ұмтыл, өс, дамы, өз туған өлкене үлесіңді қос – сонда сенде бәрі өте жақсы болады».