Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Сәтті оқиғалар

28.05.2018

Бір арманның оқиғасы: ауылдық мүсінші қалайша аяқ-киім тігуді бастады

25 жастағы Айбекте Қазақстан үшін сирек кәсіп, ол – суретші-мүсінші. Кез келген шығармашылық тұлға ретінде, ол үнемі шабыт үшін жаңа идеялар іздейді. Бір күні оған, шебер теріден өткір пышақпен бөлшектерді, артықтарды кесіп тастап, өз еңбегін бір тұтасқа жинап, аяқ-киім қалай тігетінін көруге мүмкіндік туды. Бұл процесс Айбекті еліктіріп, ол өз кәсібіне соншалықты ұқсайтын осы кәсіпті, міндетті түрде үйренуді шешті. Бүгінгі күні Айбек – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыл-Жар ауылдық округінде аяқ-киім тігу бойынша шағын цехтін иесі, ол оны өткен жылы Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігі жобасының қолдауымен іске қосты.

Ал барлығы әлеуметтік идеядан басталды. Басқа шеберлердің тәжірибесін зерттеп, ол әлеуметтік желілерде роликке тап болды, онда бір шебер Африканың кедей балаларына әмбебап сандалдар әзірлеп шығарды. «Мен де жаңа аяқ-киімге мүдделі, бірақ оны сатып ала алмайтын адамдарға көмектесуді шештім» - деп, есіне алады Айбек. Жобаның ойы бойынша оған және оның командасына мүдделі ауылдастары үшін бес айдың ішінде 60 жұпқа жуық тегін аяқ-киім тігу күтіп тұрды. Гранттық ақшаға қажетті жабдықтар мен материалдар сатып алды. «Өз ауылдастарымыз үшін тігу өте қиын болды, себебі егер бірдеңе дұрыс болмаса, оларға алысқа бару керек емес қой» - деп, күлді шебер. «Сондықтан, аяқ-киім өз жаңа иелеріне ұзақ қызмет етуі үшін біз бәрін сапалы істеуге тырыстық. Олар сосын – бұл аяқ-киімді маған Айбек Жанысов сыйлады деп айтады ғой». Жобаға қатысу кезінде, Айбек және оның командасы практикалық тәжірибе жинап, икемді шеберлердің беделін иеленді, ал аяқталғаннан кейін олар барлық ресурстарды сауатты қолдана білді. Сонымен қоса, әлеуметтік құраушылар да шетте қалмады – жас адамдар мүмкіндіктері шектеулі ауылдастарын жұмыспен қамтыды және әлеуметтік кәсіпкерлердің қатарын толтырды. Жас адамдардың одан арғы жоспарлары – бизнесті дамыту және өнімдердің сұрыптамасын кеңейту.