Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Қабылдаушы ұйымдар туралы

Жобаның гранттық бағдарламасына қатысатын Жастар бастамашыл топтарына өз жобасын іске асырудың 2 тәсілі ұсынылады: өз беттерімен немесе қабылдаушы ұйымның қолдауымен.

Қабылдаушы ұйым коммерциялық емес және жеке ұйымдардың ішінен конкурстық негізде іріктеледі. Конкурстық өтінімдер zhasproject.kz сайтында ұсынылады.

Іріктелген қабылдаушы ұйымдарға Жоба туған аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға, халықаралық Жобадан жұмыс тәжірибесін алуға, ұйымның әлеуетін нығайтуға және Жобаның оқыту іс-шараларына қатысу арқылы қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.

Үйлестіру агенттігі әр іріктелген ұйыммен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

Қол қойылған Меморандумның негізінде қабылдаушы ұйымдар:

  • өз аумағының жастары арасында Жобаға қатысу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге көмектеседі;
  • жастар бастамашыл топтарына кіші жобалық өтінімді дайындау және ұсыну бойынша ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетеді. Назар аударыңыздар! Қабылдаушы ұйым өтінімді жазуға тікелей қатыспайды, тек қана консультациялық қолдау көрсетеді. Өтінім жастар тобымен жазылып, берілуі тиіс. Сондай-ақ, қабылдаушы ұйым кіші жобалық өтінімді беру үшін жастар тобына өз техникалық базасын (компьютер, интернет) ұсынуы мүмкін;
  • әлеуметтік жобаны іске асыруға белсенді қатысуына мүдделілік қағидасы бойынша жас адамдарға бастамашыл топ қалыптастыруда қолдау көрсетеді;
  • әлеуметтік жобаларды іске асыру және жобалық басқарудағы тәжірибені табыстау кезінде тәуекелдерді ықшамдау мақсатында қатысушылармен тұрақты кездесулер өткізеді;
  • жобаларды іске асыру барысында жастардың бастамашыл топтарына қажетті көмек көрсетеді. Бұл ретте, қабылдаушы ұйым өз мүддесінде жобаның мақсатын, мазмұның және топтың құрамын өзгерте алмайды;
  • Үйлестіру агенттігіне жобаларды орындау туралы бағдарламалық және қаржы есептіліктерін уақытылы ұсыну мақсатында жобаларды жалпы іске асыру барысына жетекшілік етеді (есептердің үлгілері бар құжатқа сілтеме);
  • Жобаны орындау шеңберінде жүргізілетін барлық қаржы операцияларын басқарады. Гранттық қаражат қабылдаушы ұйымның шотына аударылады, әлеуметтік шәкіртақылар жастар бастамашыл тобының қатысушыларына тікелей аударылады.

Әр қабылдаушы ұйым жетіден артық емес әлеуметтік жобаға жетекшілік ете алады, бұл ретте, жобалар басқа донорлармен қаржыландырылатын ұйымның негізгі қызметін қайталамауы тиіс. Ондай дерек анықталған жағдайда, қабылдаушы ұйым жобаға қатысудан босатылады.

Қабылдаушы ұйымдардың қызметкерлері мен қызметкерлердің жақын туыстары, аталған қабылдаушы ұйым жетекшілік ететін жастар топтарының құрамында жобаларды іске асыруға қатыса алмайды.

Бастамашыл топ та, қабылдаушы ұйым да маңызды жағдайлар болса және Үйлестіру агенттігінің келісімі бойынша одан арғы ынтымақтастықтан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда, бастамашыл топ іске асыруды не өз беттерімен, не басқа қабылдаушы ұйымды таңдап жалғастырады.

Авторлық және бастамашыл топтармен іске асырылатын жобаларға құқық жас адамдар – бастамашыл топтардың қатысушыларына тиесілі.

Жобаларды іске асыру аяқталғаннан кейін гранттық қаражатқа сатып алынған барлық жабдықтар мен материалдар, қабылдау-тапсыру актісі негізінде бастамашыл топтарға беріледі.

Жастар жобаларына жетекшілік жасайтын қабылдаушы ұйымдарға әр әлеуметтік жоба бойынша грант беру туралы шарттың сомасынан 15% мөлшерінде үстеме шығындарды жабуға арналған өтемақы төленетін болады. Аталған өтемақы әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін екі траншты төлеумен бірге 2 кезеңде төленеді (50%-50%).