Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Оқыту бағдарламасы туралы

Өмірлік маңызы бар дағдылар – бұл адамның күнделікті өмірде тиімді әрекет ету, оның талаптары мен өзгерістеріне лайық болу қабілеттері.

Дағдылардың тізімі және олардың қалыптасуы адамның жасы мен оларды қолдану жағдайларына байланысты. Мысалы, шешім қабылдау, адамдармен өзара әрекеттесу, эмоциялық интеллектті дамыту, келіссөздер жүргізу, жобаларды жүзеге асыру шеберлігі. Бұл дағдылар өмірде, жұмысқа орналасуда және қоғамға қатысуда қажет болады.

Біздің Жобада оқыту бағдарламасы үш кезеңнен тұрады:

I кезең – өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаны басқару бойынша 6 күндік тренинг. Алынған дағдылар сізге жеке дамуда, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысуға және өз кіші жобаларыңызды іске асыруға көмектеседі;

II кезең – «әрекет арқылы» оқыту – бес ай бойы менторлармен ай сайынғы сессиялар. Сессияларда кәсіптік мақсаттарға немесе кіші жобаның мақсаттарына қолжеткізу бойынша жұмыс дәптері жүргізіледі.

III кезең - өмірлік маңызы бар дағдылар және жобаны басқару бойынша қосымша 4 күндік тренинг. Алынған дағдылар сізге өз болашағыңызға оң қарап, оны жоспарлауға, жеке және кәсіптік дамудың немесе өз кіші жобаларыңызды дамытуға әртүрлі мүмкіндіктер табуға көмектеседі, осылайша еңбек нарығында өзіңіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырасыз.

Оқытуды алдын ала іріктеу мен оқытудан өткен, тестілеу мен жеке сипаттамалары негізінде сертификат және тренингтер өткізуге рұқсат алған менторлар өткізеді.

Оқыту жас қатысушылардың тұратын жерлеріне барынша жақын аудан орталықтарында/қалаларда өткізіледі. Жобаның шотынан тренинг қатысушыларына жол, тұру, тамақтану шығындары төленеді.Әр қатысушымен жеке байланысып, тренингтің өту күні, орыны және басқа егжей-тегжейлері туралы ескертеді.