Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Гранттық бағдарлама туралы

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны іске асыруды Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.

Іске асыру кезеңі: 2017-2020

2019 жылы іске асыру облыстары: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары. 

Мақсаты: жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Қатысушылар: Жобаны іске асыру облыстары аумағында тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар (оқушылардан басқа)

Басымдықтар: Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастар.

Жоба 2017 жылы басталып, Қазақстанның он облысынан шамамен 5 508 қатысушыны қамтыды. 2019 жылы Жобаның шеңберінде шамамен 3 500 адам қамтылады.

Жоба төрт компонентті қамтиды:

- жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;

- жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;

- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;

- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.

Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақылар: ЖОО-ның түлектері - 60 000 теңге, қалған барлық қатысушылар – 40 000 теңге алады.Сонымен қоса, барлық қатысушылар өз жобаларын іске асыру кезінде менторлардың қолдауын алады.

Жобаны іске асыру шеңберінде қабылдаушы ұйымдардың конкурсы, менторларды іріктеу бойынша конкурс және жастар үшін гранттық конкурс өткізіледі.

Жобаға қатысу үшін қажет:

  1. 3 адамнан 5 адамға дейін команда (бастамашыл топ) жинау. Қатысушылардың ең көп санын тартуды ұсынамыз – жоба үш адамнан кем командамен іске асырылуы мүмкін емес. Егер қатысушылардың біреуі дәлелді себептер бойынша жобадан шыққан жағдайда, ол жабылады. Қатысушыларды ауыстыру жүргізілмейді;
  2. Сіз іске асырғыңыз келетін әлеуметтік жобаның идеясын ойлап табу – бұрыннан шешкін келген мәселенің шешімін тап. Сіз өз әлеуметтік жобаңыз үшін идея таңдауда шектелмейсіз, бірақ кейбіреуін іске асыруда бірқатар нюанстар мен қиындықтарға тап боласыз. Толығырақ осында танысыңыздар;
  3. Жобаны жазу бойынша тегін тренингтен өту. Сізге жобаны сапалы жазуға және өтінімді толтыруға көмектесу үшін, біз Жобаны іске асыру облыстарының қалалары мен аудандық орталықтарында өтінімді жазу бойынша оқыту тренигтерін өткіземіз – тренингтерді өткізудің толық тізімімен және мерзімдерімен таныса аласыздар. Егер қандай да бір себептермен сізде оқуға келу мүмкіндігі болмаса, біз әр бейсенбіде сағат 20:00-де онлайн-вебинарлар өткіземіз, онда сізге Жобаға қатысудың шарттарын толық түсіндіреді, сондай-ақ, барлық туындаған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қоса, сіз облысыңыздағы аймақтық өкілдікпен байланыса аласыз;
  4. Топтың әр қатысушысы тіркеуден өтуі және барлық қажетті тармақтары толтырылуы тиіс. Өтінімнің нысанымен алдын ала танысыңыз – толтыру барысында сізге бірқатар құжаттарды бекіту қажет болады, оларды алдын ала дайындаңыз. Кім бастамашыл топтың көшбасшысы болатынын анықтаңыз. Назар аударыңыз: 18 жастан кіші қатысушы топ көшбасшысы бола алмайды;
  5. Өтінімді беру тәсілін таңдаңыз – сіз жобаны өз бастамашыл тобыңызбен өз беттеріңізбен немесе өтінімді жазуға, Жобаны іске асыру кезінде қаржы операцияларын жүргізуге және есептілікті тапсыруға көмектесетін қабылдаушы ұйым арқылы іске асыра аласыз. Қабылдаушы ұйымды таңдауға жауапкершілікпен қараңыз – сіздер жарты жыл бойы ынтымақтастықта боласыздар. Қабылдаушы ұйымдардың тізімімен танысыңыз;
  6. Конкурстық өтінімдерді іріктеудің кезеңдерін қадағалап отырыңыздар;
  7. Егер сіздің команда конкурстық іріктеуден өтсе, онда оны сапалы іске асырыңыздар! Сәттілік!

Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағдарламасы 6 айға есептелген және оған:

  • Жобаның барлық қатысушылары үшін бастапқы төрт күндік тренинг;
  • ментормен ай сайынғы кездесулер;
  • әлеуметтік жобаларды алты айлық іске асыру («әрекет арқылы оқыту»);
  • қорытынды төрт күндік тренинг;
  • жобаларды орындау туралы бағдарламалық және қаржы есептерін тапсыру кіреді.

Назар аударыңыз: барлық аталған тармақтарды орындау шәкіртақыларды төлеу үшін негіздеме болып табылады. Жоғарыда аталған шарттарды сақтамаған қатысушыларға шәкіртақы төленбейді.

Толығырақ ақпаратпен, сондай-ақ, менторлар, қабылдаушы ұйымдар үшін ақпаратпен, жиі қойылатын сұрақтармен және жауаптармен сайттың тиісті бөлімдерінде танысуға болады.

Жобаға қатысуға жауапкершілікпен қараңыз, себебі өз өміріңізді және өз қоғамдастығыңыздың өмірін жақсартып өзгерту сіздің қолыңызда!