Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАБЫЛДАУШЫ ҰЙЫМДАРДЫҢ ДЕРЕКҚОРЫ

2019 жылғы 13 наурызда қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурстың қорытындылары шығарылды. Конкурсқа Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстарының, Астана және Алматы қалаларының коммерциялық емес және жеке ұйымдарынан барлығы 58 өтінім ұсынылды.
Ұйымдар өтінімдерді а.ж. 10 ақпаннан бастап 5 наурызға дейінгі кезеңде www.zhasproject.kz сайтында онлайн режимде ұсынды.
Құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Жобаны басқару бойынша топтың, Үйлестіру агенттігінің өкілдері кірген конкурстың Сараптау комиссиясы барлық түскен өтінімдерді қарастырды.
Қарау қорытындылары бойынша комиссия 32 қабылдаушы ұйымды іріктеді. 26 ұйым конкурс шарттарына сай келмеу себептері бойынша қабылдаушы ұйымдар тізіміне кірмеді.
Үйлестіру агенттігі барлық іріктелген қабылдаушы ұйымдармен гранттық бағдарлама шеңберінде Ынтымақтастық туралы меморандум жасайды. 
Конкурсқа қатысқан ұйымдардың тізімімен мына жерде таныса аласыздар.