Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Іріктеу процесі

Қабылдаушы ұйымдар Үйлестіру агенттігінің жанында құрылған Сараптама комиссиясымен конкурстық негізде іріктелетін болады.

 

Қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа келесілер қатыса алады:

 

  1. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына сәйкес жастар ұйымдары;
  2. жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған қоғамдық бірлестіктер, қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері, мекемелері нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;
  3. жарғылық мақсаттарында жастарды дамыту мен қолдау бойынша қызмет қарастырылған, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыратын жеке ұйымдар.

 

Қабылдаушы ұйымдарға қойылатын талаптар (іріктеу өлшемдері):

 

  1. өтінім беру кезіңде ұйымның үш жылдан кем емес заңды тіркелуінің болуы;
  2. ұйым Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында тіркелген болуы және жұмыс істеуі тиіс;
  3. көрсетілген аймақтарда филиалдары бар республикалық ұйымдар қабылдаушы ұйымдарды іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін филиалына ресми рұқсат беруі тиіс;
  4. мәлімделген қызметтің ұйымның жарғылық мақсаты мен жарғылық қызметіне сәйкесуі;
  5. жастардың қатысуымен әлеуметтік бағдарламаларды/жобаларды іске асыру саласында үш жылдан кем емес тәжірибенің болуы;
  6. салықтық және өзге берешектердің болмауы;
  7. әрекет ететін банк шотының болуы;
  8. ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтында қызметтерді жосықсыз жеткізушілердің тізілімінде болмауы керек.

 

Мүдделі ұйымдар www.zhasproject.kz сайтында онлайн-нысанды толтыру арқылы конкурстық өтінім беруі тиіс. Өтінім әр тармақ бойынша және белгіленген нысан бойынша толтырылуы тиіс.

Іріктелген қабылдаушы ұйымдардың тізімі www.zhasproject.kz сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылады.