Размер шрифта:
A A A
Цветовая схема:
A A

Жобалардың бағыты

  1. Жастар бастамашыл топтарымен ұсынылған жобалар қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызметті дамытуға бағытталып, Жобаның негізгі қағидаттарына сәйкесуі тиіс: (i) қоғамдастықтың өміріне қатысу; (ii) бастамашылдық; (iii) қолдау жүйесі; (iv) қауіпсіз кеңістік; (v) оң мінез-құлықты мойындау.

Жастардың осал топтары өкілдерінің қатысуымен іске асырылатын әлеуметтік жобалар басым мағынада болады.

Жастар жобасы жастар бастамашыл тобы мүшелерінің тұру аумағында алты ай ішінде іске асырылуы тиіс.

Жобалық өтінімді қалыптастыру кезінде қатысушылар ұсынылған бағыттарға бейімделуі мүмкін, бірақ бұл бағыттар қатысушыларды өз бастамаларын ұсынудан  шектемейді:

  1. білім беру кіші жобалары (білімді, кәсіби және бәсекеге қабілетті қоғамды дамытуға бағытталған кіші жобалар);
  2. салауатты өмір салты және спорт (көпшілік спортты, салауатты өмір салтын дамыту мен насихаттауға, дене шынықтыру саласындағы бастамаларды қолдауға және пайдалы тағамдармен тамақтануды насихаттауға бағытталған кіші жобалар);
  3. мәдениет және бос уақыт (шығармашылық бастамаларды қолдау мен дамытуға, тұрғындардың әртүрлі санаттары үшін бос уақыт кеңістігін қалыптастыруға бағытталған кіші жобалар);
  4. патриоттық және азаматтық белсенділік (рухани-өнегелі және патриоттық құндылықтарды ілгерілетуге; белсенді азаматтық ұстанымды және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кіші жобалар);
  5. отбасылық құндылықтар және дәстүр (отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрді сақтау мен көпшілікке таратуға бағытталған кіші жобалар);
  6. экология және аббатандыру (экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, энергия үнемдеу технологияларын қоғамның өміріне енгізуге, жергілікті аумақтарды абаттандыру саласындағы бастамаларды дамыту мен қолдауға бағытталған кіші жобалар);
  7. ғылым және техника (жастарда инновациялық ойлауды қалыптастыруға, жас адамдарды ғылыми-эксперименттік қызметпен айналысуға ынталандыруға бағытталған кіші жобалар);
  8. туризм (ішкі туризмді дамытуға, сонымен қоса туған өлкенің табиғи және тарихи мұрасын зерделеуге бағытталған кіші жобалар);
  9. ауылды дамыту (ауылдық жерлерге және ауылдық өмір салтына позитивті қатынас қалыптастыруға, ауыл тұрғындарына өмірлік іс әрекетінің жайлы жағдайларын құруға бағытталған кіші жобалар);
  10. волонтерлік бастамалар (тұрғындардың әртүрлі санаттарын волонтерлік қызметке тартуға, қоғамға адал ниетпен қызмет ету қағидаттарын көпшілікке таратуға бағытталған кіші жобалар);
  11. әртүрлі (жоғарыда аталған бағыттарға сәйкеспейтін кіші жобалар).

Гранттың барлық қаражаты мақұлданған өтінімде мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуы және мақұлданған бюджетке сәйкесуі тиіс. Қаржыландыру бойынша барлық шарттар, төлемдер сұлбасын қоса алғанда, Грант беру туралы шартта егжей-тегжейлі баяндалады.