Гранттық бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін жобаларға, сондай-ақ, келесі бағыттардағы жобаларға қолдау көрсетілмейді:
- жобаны іске асырудың бес айы ішінде ақылы қызметтер көрсетуді/тауарлар сатуды көздейтін коммерциялық жобалар. Жобаны іске асырудың бес айынан және грант беру туралы шарт аяқталғаннан кейін қатысушылар табыс таба алады, яғни, ақылы қызметтер көрсетуді/ тауарларды, дайындалатын өнімдерді сатуды жүзеге асыра алады;
- жоба іске асырылатын үй-жайлардың шағын жөндеуін қоспағанда, құрылыс жұмыстарының қандай болса да түрлерін немесе ғимараттарды/үй-жайларды қалпына келтіру/ жаңарту бойынша жұмыстарды қарастыратын жобалар;
- жергілікті мемлекеттік органдар, өзге мемлекеттік мекемелер немесе үкіметтік емес ұйымдар үшін жабдықтар/тауарлар сатып алуды қарастыратын жобалар;
- сүт, ет және өзге де мал өнімдерін тарату мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын сатып алуды/жалға алуды қарастырайтын жобалар;
- аулада спорт және балалар алаңдарын, стадиондар, жылыжай кешендерін орнатуға бағытталған жобалар;
- діни ұйымдарға қызмет көрсету бойынша жобалар (шіркеулердің, мешіттердің және т.б. жөндеуі немесе құрылысы, діни білім беру, діни әдебиет шығару және т.б.);
- қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін жобалар;
- жер учаскелерін сатып алуды/ жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/ жалға алуды, автокөлікті сатып алуға қарастыратын жобалар;
- басқа көздер есебінен қаржыландырылатын жобалар;
- ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу әдістемелерін/бағдарламаларын әзірлеу;
- жоба бойынша негізгі қызмет ретінде веб-сайттар мен мобильді қосымшалар, интернет-контент (оның ішінде, онлайн-арналар, интернет-журналдар, блогтар, влогтар, бейне роликтер) құруға/әзірлеуге бағытталған жобалар;
- баспаханада қолжазбалар, журналдар, газеттер жазуға/басып шығаруға бағытталған жобалар (жоба бойынша негізгі қызмет ретінде);
- негізгі қызметі дөңгелек үстелдер, дәрістер, семинарлар, тренингтер, форумдар, науқандар, туристтік сапарлар, экскурсиялар, экологиялық науқандар және сенбіліктер өткізу болып табылатын жобалар;
- негізгі қызметі мәдени-бұқаралық іс-шараларды (концерттер, форумдар, флешмобтар, балаларға арналған анимациялық мерекелер, т.б.) өткізу болып табылатын жобалар;
- мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізуді қарастыратын жобалар;
- маусымдық жобалар, яғни, негізгі қызметі жылдың белгілі мерзімінде ғана жүргізілетін жобалар;
- мақсаты сыйлықақы табыстау, құттықтауларды ұйымдастыру, қандай болса да бағдарламаларды немесе жобаларды іске асыру үшін ақшалай сыйақы беру және т.б. болып табылатын жобалар;
- тікелей қайырымдылық көмекті қарастыратын жобалар (грант қаражаты есебінен ақшалай көмек көрсету, қайырымдылық/материалдық/гуманитарлық көмек көрсету үшін грант қаражаты есебінен тауарлар сатып алу);
- жынысы, нәсілі, дінге сенуі, жасы бойынша кемсітушілікке әкелетін әрекеттерді жүзеге асыру;
Жобаны іске асыру шеңберінде келесі шығындар түрлеріне тыйым салынады:
- Үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен олардың балансында тұрған мекемелер үшін жабдықтар мен кеңсе жиһаздарың сатып алуға арналған шығындар;
- жоба іске асырылатын аумақтағы аймақтардың шегінен тыс сапарлармен (іссапарлар, оқыту) байланысты шығындар;
- қабылдаушы ұйымдардың үстеме шығындары;
- жеке тұлғаларға медициналық қызметтер төлеу;
- жастар бастамашыл тобының қатысушыларын оқытуға, біліктілікті арттыру курстарына қарастырылған шығындар;
- іс-шаралар өткізу үшін үй-жайды жалға алуға арналған, жобаның жалпы бюджетінінің 30%-нан асатын шығындар;
- жобаны іске асыру үшін үй-жайларды жөндеуге арналған, жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
- полиграфиялық бұйымдарды (жарнама, баспа) дайындауға арналған, жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
- тартылған мамандарды жалдау бойынша, жобаның жалпы бюджетінінің 20%-нан асатын шығындар. Тартылған мамандар жоба бойынша негізгі қызметті жүргізе алмайды және жобаның мақсатты тобына тұрақты қызмет көрсете алмайды;
- веб-сайттарды/мобильді қосымшаларды әзірлеу мен техникалық қолдауға, аудио/бейне роликтерді әзірлеуге арналған, жобаның жалпы бюджетінінің 10%-нан асатын шығындар;
- азық-түлік сатып алу, кофе-брейктер ұйымдасытру бойынша, жобаның жалпы бюджетінінің 5%-нан асатын шығындар;
- жобаны іске асыруды ақпараттық жарықтандыруға арналған, жобаның жалпы бюджетінің 5%-нан асатын шығындар;
- шетелде, шетелдік сайттарда жабдықтарды/тауарларды сатып алу.